Қазақстандық өндірісте іскерлік белсенділік артты - Ұлттық банк
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қаржы нарығында іскерлік белсенділік индексі динамикасының біршама жақсарғаны байқалады, алайда, индекс бұрынғысынша теріс аймақта тұр. Бұл туралы Ұлттық банк ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.