Қазақстанда боран салдарынан жолаушыларды құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайға жол бермеу үшін тиісті органдар көлік жүргізушілеріне тұрақты негізде боран немесе көктайғақ туралы хабарламаларды жіберіп, алыс сапарларға шықпауға кеңес беріп жатады. Бұл ескертпелерді елемеген адамдар қар құрсауында қалып отыр. Осы орайда былтырдан бастап ауа райының қолайсыздығына қатысты көлік қозғалысын шектеу жөніндегі хабарламаны ескермегендерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.