Қытайда $78 млн көлемінде пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді
БЕЙЖІҢ. ТАСС-ҚазАқпарат – ҚХР шығысындағы Тайань қаласының соты жұма күні Ляонин провинциясының халықтық саяси-консультативтік кеңесінің бұрынғы вице-төрағасы Ли Вэньсиді 540 млн юань (шамамен 78 млн доллар) пара алғаны үшін өлім жазасына кесті. Бұл туралы «Жэньминь жибао» газеті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.