Қазақстанда қасқыр ату талаптарына өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда қасқырларды ату талаптарына өзгеріс енгізілді. Осыған қатысты тиісті бұйрық қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.