Қарағандыда жарылыс болған пәтерде газ құрылғылары болмаған - ТЖД
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жарылыс болған пәтерде газ құрылғылары табылмағанын мәлімдеді. Төтенше жағдайдың себеп-салдары нақтылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.