2020 жылы опырылып құлаған Астанадағы көпірден тағы ақау шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде елордадағы Алаш тасжолында орналасқан көпірдің жарылғаны туралы ақпарат тарады. Болған жайтқа қатысты Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.