СҚО-да бірнеше сібір елігін атып алған күдіктілер ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сібір елігін заңсыз атты деген күдікпен Петропавлдың екі тұрғыны ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, қару, оқ-дәрі, жануарлардың еті тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.