Алматыда скринингтің арқасында 400-ге жуық сәбиден ретинопатия анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Былтыр шала туған нәрестерелге жүргізілетін скринингтің арқасында 400-ге жуық сәбиден ретинопатия анықталды. Олардың 80 пайызына уақытында ота жасалып, соқырлықтың алды алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар бас неонатологы Елена Плужникова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.