Құтқарушылар «Өскемен-Алтай» жолы бойындағы тауларда жарылыс жасады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Өскемен-Алтай» тасжолындағы тау бөктерінде жарылыстар жасалды. Бұл қар көшкінін жасанды жолмен түсіру үшін қолға алынған шара, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.