COVID-19 шектеуі алынғаннан кейін Қытайға келушілер саны 50% артты
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 8 қаңтарында елге кіретін жолаушылар үшін жаңартылған хаттама күшіне енгеннен кейін материктік Қытайға келушілердің орташа тәуліктік саны 54,7%-ға өсіп, 250 мың адамды құрады. Бұл туралы брифинг барысында ҚХР көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы шекаралық бақылау және басқарма бөлімінің бастығы Лю Хайтао мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.