Еліміз алдағы 3 жылда жоспарлы тауарлық газ өндіру көлемін азайтпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан 2026 жылға қарай өндіретін жоспарлы тауарлық газдың көлемін азайтуы мүмкін. Еліміздің отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Үкіметінің қаулысына осындай өзгеріс енгізу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.