Қатерлі ісіктің алдын алу үшін уақтылы скринингтен өту қажет
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қатерлі ісік дертін ерте анықтау – тиімді емдеуге, жақсы нәтижеге жетуге, атап айтқанда 5 жылдан астам ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізуге және толық емделуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.