Елімізде қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік меншікке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі.