Қазақстаннан пияз экспорттау үш айға тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияз экспортына 3 ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.