Қызметкерлер жалақысы, шетел архивтеріндегі тың деректер – Мәдениет министрлігінің алқа отырысында не айтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында ведомство басшысы Асхат Оралов өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шағарып, Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәдениет саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.