Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2023

Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

0

Бүгін Тараз қаласы әл-Фараби көшесінің бойында орналасқан «Ақсай» базарында өрт оқиғасы орын алды. Өрттің салдарынан базардың екінші қабатында орналасқан жалпы аумағы 1050 шаршы метрді құрайтын 44 дүңгіршекке зақым келіп, кәсіпкерлер шығынға батты. Осы мәселеге орай қала әкімі Б.Орынбеков, қала прокуроры Ж.Сматов, Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ә.Сарбатов және қалалық полиция департаментінің бастығы А.Мадимаров «Ақсай» […]

Сообщение Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Бүгін Тараз қаласы әл-Фараби көшесінің бойында орналасқан «Ақсай» базарында өрт оқиғасы орын алды. Өрттің салдарынан базардың екінші қабатында орналасқан жалпы аумағы 1050 шаршы метрді құрайтын 44 дүңгіршекке зақым келіп, кәсіпкерлер шығынға батты.


Осы мәселеге орай қала әкімі Б.Орынбеков, қала прокуроры Ж.Сматов, Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ә.Сарбатов және қалалық полиция департаментінің бастығы А.Мадимаров «Ақсай» базарындағы өрттен зардап шеккендермен (дүңгіршек иелері, кәсіпкерлер мен сатушылар) арнайы кездесті.
Әуелі Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ә.Сарбатов оқиғаның мән-жайына тоқталды.
– Бүгін сағат 13.22-де Тараз қаласындағы Әл-Фараби көшесі, №7/1 мекенжайында орналасқан «Ақсай» базарында өрт оқиғасы тіркелді. 13.26-да өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына жетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 64 қызметкері мен 17 бірлік техникасы жұмылдырылды. Осылайша өрт 14.29-да оқшауланып, 14.56-да толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан сауда үйінің шатыры мен 44 бутик жойылды. Алдын ала мәлімет бойынша 90 кәсіпкер шығынға батқан, – деді басқарма бастығы.
Ал қалалық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаровтың айтуынша, төтенше жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексi 292-бабы «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» бойынша іс қозғалған. Сондай-ақ оқиғаның алдын ала себебін анықтау мақсатында 2 тергеу тобы құрылып, өрт-техникалық сараптама тағайындалды.
Бұл жердегі кәсіпкерлер тарапынан көтерілетін негізгі сұрақ шығын мен залал мәселесі екені белгілі. Осы тұрғыда қала прокуроры Жамбыл Сматов: «Сіздер, құрылған тергеу тобының мүшелеріне кәсібіңізге қатысты барлық мағлұматты, оның ішінде құжаттар мен келісімшарттарды, тауар саны мен көлемі туралы мәліметті ұсынуларыңыз қажет. Нәтижесінде шығын көлемі толыққанды есептелетін болады», – деді.
Шаһар басшысы Бақытжан Әмірбекұлының сөзінше, 2022 жылы 15 желтоқсанда сауда орындары басшылығының қатысуымен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша арнайы басқосу өткізілген. Жиын барысында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ә.Сарбатовтың тарапынан сауда орындарындағы кемшіліктер мен оларды жою бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Аталған ұсыныстар негізінде хаттама толтырылып, тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысан басшыларына жолданған. Сол жиында «Ақсай» сауда орталығының қауіпсіздік мәселелері бойынша жауапты өкілі де қатысқан болатын. Өкінішке орай, бүгінде осындай жағдай орын алуда.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес зардап шеккендерге өз кәсібін жалғастыру үшін қаладағы өзге сауда орындарынан уақытша орын ұсыну қарастырылуда. Сонымен қатар, кәсіп үшін алған несиесін шегеру мен уақытша тоқтату жұмыстары бойынша банктермен келіссөздер жүргізіледі.
Тергеу жұмысы толық аяқталғанша базар жұмыс істемейді. Сараптама қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге келген шығын көлемі толық есептелінеді, – деген шаһар басшысы «Ақсайдағы» алапат өртке қатысты барлық мәселе жеке бақылауында болатынын баса айтты.
Жиын соңында қала әкімдігінің қызметкерлері мен өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер бірлесе арнайы белсенді топ құрды. Бұл топ өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге барлық жағдайды, қажеттілік пен сұранысты жеткізетін болады.

Сообщение Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о ходе строительства Троицкой линии метро





Москва

Правительство РФ сообщило о перевыполнении планов по достижению цифровой зрелости национальной экономики


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин. Главное за день



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Анастасия Волочкова

Вид Волочковой без фотошопа потряс публику — макияж не спасает




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

«Бавария» победила «Вольфсбург» в 500-м матче Нойера в Бундеслиге

Пензенские регбистки выиграли первенство России

Турнир по бильярдному спорту «Кубок Мэра Москвы» продлится до 18 мая в столице


ATP

Хачанов вышел в третий круг турнира ATP в Риме



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

В Армении прошел крупнейший на постсоветском пространстве «Бессмертный полк». Видео. Фоторяд



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России