Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына барып, шаруашылыққа заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.