2050 жылға қарай әлем халқының 70 пайызы мегаполистерде тұрады – болжам
БАКУ. ҚазАқпарат - 2050 жылға қарай әлем халқының 70% - ы қалаларда тұрады, 2020 жылы бұл көрсеткіш 54% болған. Оған дейін 213 миллион халқы бар 14 мегаполис қала пайда болады. Бұл туралы Экономика және бейбітшілік институтының жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Statista-ға сілтеме жасап.