Ұлыбританияда азық-түлік бағасы аспандап тұр
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда азық-түлік өнімдері 16,8%-ға қымбаттап, 46 жылдан бері болмаған максимумға жетті. Жанар-жағармай арзандағанымен, сүт, ірімшік және жұмыртқа сияқты халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасы аспандап тұр. Бұған қоса мейрамхана, қонақ үй қызметі мен әуе билеттері шарықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.