Қарағанды оқушылары 1 мамырдан бастап автобуста тегін жүретін болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қоғамдық көліктерінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүру осы жылдың 1 мамырынан бастап енгізіледі. Бұл туралы Қарағанды облысы көлік басқармасының басшысы Әлібек Дүйсембеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.