Ардақты ұстаздарыма
Eгеменді, Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі –Ұстаз. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың,даналық, аналық, сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Барша екі аяқты пенделердей балалық шаққа саяхат жасау арқылы –алғашқы ұстазымды есіме алғым келеді.
Осыдан 10жыл бұрын ең алғашқы мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған,қолымнан жетектеп партаға отырғызып, Әліппе кітабын ұстатқан, менің сүйікті де алғашқы ұстазым- Гүлжайна Төрежанова. Ол кісі-менің ақылшым, данышпаным, өмірге бағыттаушым...