Қарағанды облысында 84 жастағы ақсақал трактормен ауыл жолдарын қардан тазартуда
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы, Нұра ауданы Тікенекті ауылының 84 жастағы тұрғыны Минниагзам Авлияров жасына қарамастан шынжыр табанды тракторды тізгіндеп, өз еркімен туған ауылының жолдарын қардан тазартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.