Алматының бас жоспарын талқылау: мегаполис ауасын қалай тазартуға болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Экологиялық тепе-теңдікті тұрақты сақтау үшін қалалық экожүйені біріктіріп, биоәртүрлілікті қамтамасыз ететін қаланың тұрақты «экологиялық» қаңқасы жасалады. Бұл туралы Алматының бас жоспарын қоғамдық талқылау барысында «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директорының орынбасары Айнұр Сарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.