Елімізде балаларға папиллома вирусына қарсы вакцина салына бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халыққа онкологиялық көмек көрсету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысы Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.