МӘМС: Стоматологиялық қызмет көрсетуге өзгеріс енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық қызмет көрсету үшін стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарттар жасай бастады. Бұрын шарт емханалар арқылы жасалып келген еді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорға сілтеме жасап хабарлайды.