Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді
![Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/01/27/230127141355416e.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.