Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директорының ісі сотқа түсті
![Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директорының ісі сотқа түсті](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/05/31/220531131743634e.jpg)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтап тастаған мектеп директорының ісі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Сот ашық өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.