Қырғызстанда жануарлардың кейбір түрлерін аулауға тыйым салынды
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Ыстықкөл және Нарын облыстарында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Марко Поло тұқымды қой, тау ешкі, елік, қабан және ұлар аулауға үш жылға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғызстан Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігіне сілтеме жасап.