ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналады. Қазақстан Республикасы бірінші Конституциясының ел тарихындағы орны мен рөлі және маңызы қарастырылады.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясының қабылданғанына 30 жыл.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлімнен, 21 тараудан және 131 баптан тұрады. Коституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдары - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
Негізгі заң Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, еліміздің демократиялық, парламенттік республика екенін айшықтады. Бұл құжат тарихи қажеттіліктен туды...