Өткен жылы 728 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 141,5 мың отбасынан 728,7 мың адамға тағайындалды, бұл мақсаттарға бюджеттен 59,5 млрд теңге бөлінді, делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.