Түркістанда 100-ден астам мұғалімге төленген қаржы бюджетке қайтарылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 100-ден астам педагогке төленген қаржы бюджетке қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанар Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.