Қарағанды облысында алимент төлемеген 11 адам қылмыстық жауапқа тартылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында баласына алимент төлемеген 11 тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Әділет департаментінің кеңейтілген алқа отырысында баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.