Педагог мәртебесі: Түркістан облысында 4 мектеп директорына қатысты әкімшілік іс қозғалды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Педагог мәртебесі» туралы заңның талаптарын бұзған 4 мектеп директорына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанар Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.