Екі аяқ киім тозды, шаяндардан шошып ояндым – Қытайдан жаяу жеткен марафоншымен сұхбат
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытай Халық Республикасынан Қазақстан астанасына қарай жаяу шыққан марафоншы Есбол Асқарұлы бүгін елордаға жетіп, өзінің арманын ақиқатқа айналдырды. Алыстағы ағайынның атажұртқа деген сағынышын осылай дәлелдегісі келген Есбол бауырымыз тау асып, тас басып 3 мың шақырымнан астам жолды 60 күнде жүріп өткен. ҚазАқпарат тілшісі марафоншы азаматпен жолығып, сұхбаттасып қайтқан еді.