Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапонияның Тиба қаласында өткен 64-ші халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2023) қазақстандық оқушылар бірден алты медальға ие болды. Оған әлемнің 112 елінен барлығы 618 оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.