Қазақстанда құс еті бір жылда 14% қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар-сәуір айларында елімізде 40,7 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға аз. Балғын немесе салқындатылған 45,9 мың тонна құс еті өндірілген, бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларына қарағанда 22,6%-ға көп. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.