Кенесарыға Құран сыйлаған Марал ишан кім
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістандағы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылғанын айтып, жақсы жаңалығын жария етті. «Марал ишан барша қазаққа танымал адам болған. Ол – төл тарихымызда ерекше орны бар Кенесары ханның үзеңгілес серігі. Бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылған екен. Оны жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып алдық. Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар» деген еді Президент. Осы орайда «Марал ишан кім?» деген мәселеге қайта бір үңіліп, оқырманның кеңірек мағлұмат алуы үшін Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлының мақаласын ұсынып отырмыз.