Қостанай облысы егін алқаптарында шегіртке қаптады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында шаруалар шегірткеден орасан зор зиян көріп отыр. Әсіресе Жанкелдин ауданындағы алқаптарда шегіртке қаптады. Бүгінде аталған зиянкестер бір тәулікте алты шаруа қожалығына тиесілі 10 мың гектардай аумақты отап кеткен. Жергілікті диқандар осыны айтып дабыл қағып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай таңы» басылымына сілтеме жасап.