«YBYRAI CUP - II» облыстық дебат турнирі.
Қостанай облысында «Жас Дарын» дебат клубының ұйымдастырылуымен өткен облыстық « YBYRAI CUP - II» дебат турнирі туралы.
29 сәуір күні киелі Ыбырай Алтынсарин мектебінің шаңырағында «Жас Дарын» дебат клубының ұйымдастырылуымен «Ybyrai CUP - II» облыстық турнирі жоғыры деңгейде өтті. Аталмыш турнирге Қостанай облысының 24 командасы іріктеліп, қатысқан болатын. Атап айтқанда: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері, Мендіқара ауданы, Әулиекөл ауданы, Қостанай ауданы, Федоров ауданы, Қостанай қаласының мектептері, Қостанай облыстық мектептері, НЗМ мектептерінен командалар қатысты.
Турнирге арнайы келесі төрешілер шақыртылды.
Дарын ӨҒПО аға әдіскері - Аканбаев Баглан Нурланович.
Қостанай ауданы балалар шығармашылық үйінің дебат клубы жетекшісі - Калиев Дастан Дүйсенұлы.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Озат" МАТМЛИ тарих пәні мұғалімі - Қайрғали Нұрымжан Қайратұлы.
Қостанай қаласы 15 ЖББМ...