«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Бауман станциясына барады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек қолжетімді болмақ. Аталған өңірдің Бауман станциясына бүгін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тоқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.