ДДСҰ экологиядан болатын миллионнан астам өлім қаупі туралы айтты
БУДАПЕШТ. ҚазАқпарат – Былтыр Еуропада 20 мың адам аптап ыстықтан қайтыс болды. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ-ның) Еуропа аймағының 53 елінде шамамен 1,4 миллион адам қоршаған ортаның ластануы мен климаттың өзгеруі салдарынан зардап шегеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ДДСҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.