Қазпоштаның Павлодардағы филиалы директорының орынбасары пара алғаны үшін сотталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша №2 соты «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты үкім шығарды. Ол ірі көлемде пара алғаны (ҚК 366-бабы, 2-бөлімі) үшін айыпты деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.