Адалдық - ең асыл қасиет
Адалдық - адамдықтың белгісі іспетті. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілігімен, адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Сондықтан осы асыл қасиеттер әр адамның бойынан табылуы шарт деп ойлаймын. Адалдық адам бойында тумысынан пайда болмайды. Себебі адалдық әр адамда өмірдегі көп факторлардан қалыптасады. Адалдықтың адам бойында сіңісіп кетуі үшін әрине, ата-анасының тәрбиесі әсер етеді. Бұл жағдайда ата-ана тәлім-тәрбиесі де зор рөл атқарады. Бала қоршаған ортасына, қоғамға қарап, сол бағытта қалыптасады. Сәбиді періште санаймыз, бірақ өсе келе ол періштелігін жояды. Неліктен? Себебі "сүтпен сіңген мінез сүйектен шығады", ол да қоршаған ортаның ықпалына сүйенеді.
Басқаға сұрақ қоймас бұрын, мен өзімнен бастадым. Осы адалдық қасиеттері менің бойымнан...