Журналист деген кім ?
Фото:top-fon.com Журналистика-жол үстіндегі әдебиет
Журналист мамандығы-қиындығы мен қызығы мол,жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала."Журналистика" термині француз тіліндегі "journal" сөзінен шыққан. Бұл "күнделік","журнал" деген мағынаны білдіреді.Журналист қоғамдағы жақсылық атаулының жер-жебіріне жететін қаламгер,қайраткер. Халық журналист мамандығын "екінші көне" мамандық деп атап кеткен. Дегенмен,сөздің жаны бар.Өйткені ежелде журналистер патша жарлығын халыққа жеткізу үшін қызмет ететін.
Журналист болу-мақсаткер,талапшыл әрі тез тіл табысқыш,тек қана ақиқатты айту деген сөз. Журналист-бұл жаза алатын адам.Журналистика саласы-тек ақпаратты айту мен шектелмейді, бұл шынайы түрде,бар көңіліңмен,сезіммен,бойыңдағы бар болмысыңмен,құлшынысыңмен жаза алу.Нағыз репортерлік қызметті француздар дамытты. Француздар алғашында қала көшелеріне жиналып,Париж жаңалықтарымен бөлісетін болған, және біраз уақыттан соң, жаңалықтар таратумен айналысатын адамдар,олардың ішінен бөліне бастады.Ең алғашқы...