Екатеринбургте өткен өнеркәсіптік көрмеде қазақстандық 250 компания өз өнімдерін ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресейдің Екатеринбург қаласына жұмыс сапары аясында «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесін аралап, іс-шараның «Тұрақты өндіріс. Жаңарту стратегиялары» атты негізгі стратегиялық сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.