Шу ауданында 280 келіге жуық есірткі тәркіленді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының полицейлері Шу ауданы Белбасар ауылының маңындағы құмды аймақта орналасқан «Сарғау» учаскесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.