Заманауи мұғалім – озық ойлы оқушы: ТорIQ платформасының тиімділігі
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы» деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, мұғалімдік қызметтің қадірі қаншалықты жоғары болса, жауапкершілігі де соншалықты зор.
Ермеккалиева Гүлжан Нұрболатқызы
БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ЖОББМ-нің биология пәні мұғалімі
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы» деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, мұғалімдік қызметтің қадірі қаншалықты жоғары болса, жауапкершілігі де соншалықты зор.
Бүгінде заман ағысы, өмір бағытына өзгерістер енуде. Қай салаға да жаңашылдықтар еніп, адамдардың сұранысы басқаша сипат алып жатыр. Педагогика әлемінде де терең ізденіс талап етіліп, жаңа ұрпаққа заманауи білім беру қажеттілігі туындады. Ендеше, XXI ғасырдамұғалімнің бет-бейнесі қандай болу керек?!
Заманауи мұғалім – шығармашылық қабілеттерді шыңдауға жағдай жасай алатын, оқушылардың білімді қабылдауға деген құштарлығын дамыта алатын,...