Жыл басынан бері KASE-дегі сауда-саттық көлемі 15 пайызға өсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан қор биржасындағы жалпы сауда-саттық көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,2 %-ға немесе 20,8 трлн теңгеге өсіпті, 157,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.