Қазақ тілінің болашағы
Әр елдің ұлттық құндылығын, мол тарихы мен болмысын жеткізетін өзіндік тілі болады. Қазақ тілінің ертеңі қандай болмақ? - осы сұрақты мен өзіме есті бола келе қоя бастадым. Тіл ертеңін ойлаған әр халық, әр ұлт өз ана тілін қорғауға міндетті деген ойыммен бөліскім келеді. Неге дейсіз бе? Ойлап қарасақ, ата-бабаларымыз кең байтақ жерімізді, көк аспаны тәуелсіз елімізді, мол тарихымыз бен бай тілімізді бізге мұра ретінде қалдырған. Сол кездерден-ақ Мағжан атамыз “Мен жастарға сенемін” деп еді ғой? Міне, біздің мойынымызда тек қана жер мен тілімізді сақтау ғана емес, ата-бабаларымыз, зиялыларымыздың өсиетін орындау да тұр.
Қазақ тілінің ертеңі бар ма? Сіз қалай ойлайсыз?...