Екі жылда Алматыда жетім балаларға 400-ден астам пәтер беріледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2023-2024 жылдар аралығында жетім балаларға 440 пәтер беріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.